close
Мазмұнға өту

НАСА

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу жөніндегі ұлттық басқарма
(НАСА)
ағылш. National Aeronautics and Space Administration
мөрі
эмблема
НАСА туы
Жалпы мағлұмат
Мемлекет  АҚШ
Құзыреті ғарышты зерттеу
Құрылған уақыты 1958 жылғы 29 шілде
Оның алдындағы мекеме Ұлттық аэронавтика консультативтік комитеті (3 наурыз 1915 ж.)
Мекемені басқарады АҚШ вице-президенті

АҚШ үкіметі

Жоғары тұрған мекеме Америка Құрама Штаттарының федералды үкіметі
Штаб-пәтері  АҚШ Вашингтон
Қызметкерлер саны 17 960 адам.(2021)
Жылдық бюджеті 25,4 миллиард $
Әкімші Билл Нельсон
Бірінші орынбасары Памела Мелрой
Ресми сайты
NASA.gov

Координаттар: 38°52′59″ с. е. 77°00′59″ б. б. / 38.88306° с. е. 77.01639° б. б. / 38.88306; -77.01639 (G) (O) (Я)

«Аполлон-Союз» экипаж костюміне жамау
Кеннеди атындағы әуеғарыш орталығы

Аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу жөніндегі ұлттық басқарма (ағылш. National Aeronautics and Space Administration, қыс. NASA) — аэронавтика және ғарышқа ұшу саласында зерттеулер жасау үшін 1958 жылы құрылған АҚШ үкіметінің агенттігі. НАСА-ның штаб-пәтері Вашингтон қаласында орналасқан. Негізгі алаңы — Флорида штатының Кеннеди ғарыш орталығындағы Канаверал мүйісінде орналасқан.

НАСА-ның ғылыми бөлімі Жерді бақылау жүйесі арқылы Жер ғаламшарын жақсырақ түсінуге; Ғылыми Миссиялар Дирекциясының гелиофизикалық зерттеулер бағдарламасы арқылы гелиофизиканы ілгерілетуге; New Horizons сияқты жетілдірілген роботтық ғарыш кемелерімен қатар Perseverance cекілді планеталық роверлермен Күн жүйесіндегі денелерді зерттеуге; Джеймс Уэбб атындағы ғарыш телескопы арқылы Жойқын жарылыс сияқты астрофизикалық тақырыптарды зерттеуге бағытталады.

НАСА-ның алғашқы ғарыш бағдарламасы 1958 жылы «Пионер» ғарыш кемесінің ұшыруынан басталды. Ол кейінгі басқарылатын ұшуларға арналған мәліметтерді жинау үшін құрастырылған еді.

НАСА 1958 жылғы 29 шілдеде АҚШ Президенті Дуайт Эйзенхауэр қол қойған «Ұлттық аэронавтика және ғарыш туралы» заңға (National Aeronautics and Space Act) сәйкес құрылды. Жаңа агенттік 1915 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Ұлттық аэронавтика консультативтік комитетінің (NACA) орнына келді. Агенттіктің құрылуы Кеңес Одағы 1957 жылы әлемдегі алғашқы жасанды жер серігі Спутник-1-ді ұшырғаннан кейінгі «ғарыштық жарыс» аясында жүзеге асты.

Негізгі бағдарламалары

[өңдеу | дереккөзін өңдеу]

Меркурий бағдарламасы (1958–1963)

[өңдеу | дереккөзін өңдеу]

«Меркурий» — НАСА-ның алғашқы басқарылатын ғарыштық бағдарламасы. Оның мақсаты — адамды Жердің төмен орбитасына шығару болатын. 1962 жылы Джон Гленн осы бағдарлама аясында Жерді орбитамен айналып ұшқан алғашқы американдық болды.

Джемини бағдарламасы (1961–1966)

[өңдеу | дереккөзін өңдеу]

«Джемини» бағдарламасы Айға ұшуға қажетті дағдыларды — ұзақ ұшу, ғарышқа шығу (ашық ғарышқа шығу) және орбитада түйісу мен қондырғылауды — әзірлеуге арналды.

Аполлон бағдарламасы (1961–1972)

[өңдеу | дереккөзін өңдеу]

«Аполлон» бағдарламасы — НАСА тарихындағы ең атақты жобалардың бірі. 1969 жылғы 20 шілдеде Аполлон-11 миссиясының экипажы — Нил Армстронг пен Базз Олдрин — Айға қонған алғашқы адамдар болды. Жалпы алғанда, бағдарлама аясында 1969–1972 жылдар аралығында 6 миссия Айға қонып, 12 ғарышкер Ай бетінде жүрді. Олар Жерге зерттеуге арналған шамамен 382 кг ай жыныстары мен топырағын алып келді.

Скайлэб (1973–1979)

[өңдеу | дереккөзін өңдеу]

Скайлэб — АҚШ-тың алғашқы орбиталық станциясы. Онда үш экипаж жұмыс істеп, ғарышта ұзақ уақыт болудың әсерін зерттеген.

«Аполлон-Союз» (1975)

[өңдеу | дереккөзін өңдеу]

«Аполлон-Союз» — АҚШ пен КСРО арасындағы алғашқы бірлескен басқарылатын ғарыштық миссия. Ол ғарыштық жарыстың аяқталуын білдірді.

Спейс шаттл бағдарламасы (1981–2011)

[өңдеу | дереккөзін өңдеу]

Спейс шаттл — әлемдегі алғашқы көп қолданылатын ғарыш кемесі. Бағдарлама 30 жылға созылып, 135 ұшу жасалды. «Шаттлдар» Хаббл ғарыштық телескопын орбитаға шығаруда және Халықаралық ғарыш станциясын (ХҒС) құрастыруда басты рөл атқарды. Бағдарлама тарихында екі апат болды — 1986 жылғы «Челленджер» және 2003 жылғы «Колумбия» — оларда барлығы 14 ғарышкер қаза тапты.

Артемида бағдарламасы (2017 ж. — қазіргі уақыт)

[өңдеу | дереккөзін өңдеу]

«Артемида» (Artemis) бағдарламасының мақсаты — адамдарды Айға қайта оралту және алыс ғарышты зерттеу үшін тұрақты инфрақұрылым құру. Бағдарлама «Орион» ғарыш кемесін және ауыр класты Space Launch System (SLS) зымырандық тасығышын пайдаланады.

  • Артемида I (қараша 2022) — SLS зымыранының алғашқы сынақ ұшуы, Айды айналып шыққан экипажсыз миссия.
  • Артемида II (2026 жылғы 1–11 сәуір) — Аполлон-17-ден бері (1972) алғаш рет адамдарды Айдың маңына жеткізген басқарылатын ұшу. Экипажда Рид Уайзман, Виктор Гловер, Кристина Кок (АҚШ) және Джереми Хансен (Канада) болды. Олар Жерден ең алыс — 252 756 миль (шамамен 406 771 км) қашықтыққа ұшып, Аполлон-13 миссиясының ұзақ жылдар бойы ұсталған рекордын жаңартты.
  • Артемида III (2027 ж. соңы — жоспарда) — коммерциялық қону модулін пайдалана отырып, Айдың Оңтүстік полюсіне қону жоспарланған.
  • Артемида IV (2028 ж. басы — жоспарда) — 1972 жылдан бері адамдарды Айдың бетіне қондырумен бірге Ай орбиталық станциясын (Lunar Gateway) құруды бастау көзделген.

Зерттеу салалары

[өңдеу | дереккөзін өңдеу]

Жерді зерттеу

[өңдеу | дереккөзін өңдеу]

НАСА-ның Жерді бақылау жүйесі (EOS) жер серіктері арқылы климаттың өзгеруін, мұхиттарды, атмосфераны, ормандарды және мұздықтарды бақылайды. Мысалы, Landsat, Aqua, Terra жер серіктері осы жүйенің бөлшегі.

Күн жүйесін зерттеу

[өңдеу | дереккөзін өңдеу]

Астрофизика

[өңдеу | дереккөзін өңдеу]

Орталықтары

[өңдеу | дереккөзін өңдеу]

НАСА-ның АҚШ бойынша 10-нан астам зерттеу орталықтары мен нысандары бар. Олардың ішіндегі ең ірілері:

Халықаралық ынтымақтастық

[өңдеу | дереккөзін өңдеу]

НАСА әлемнің көптеген ғарыш агенттіктерімен — Еуропалық ғарыш агенттігімен (ESA), Роскосмоспен, Канада ғарыш агенттігімен (CSA), Жапония аэроғарыштық зерттеу агенттігімен (JAXA) және басқалармен — серіктестікте жұмыс істейді. Ең ірі бірлескен жоба — Халықаралық ғарыш стансасы (1998 жылдан бері).

Сондай-ақ қараңыз

[өңдеу | дереккөзін өңдеу]

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | дереккөзін өңдеу]