close
Мазмұнға өту

Speak Now

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Speak Nowамерикандық кантри әншісі Тейлор Свифттің 2010 жылдың 25 қазанында Big Machine лейблының астында шыққан үшінші альбомы. Альбом Billboard 200 чартында бірден бірінші орынға шықты, сатылымның бірінші аптасында 2010 жылы рекордтық тиражбен 1 047 000 дана сатылды. Осы альбомдағы барлық 14 ән Billboard Hot 100 хит-парадына кірді, ал негізгі «Mine» хиті ондағы №3 орынға жетті.

Speak Now 2010 жылдың 25 қазанында Big Machine лейблының астында шығарылды және 1 047 000 данадағы дебюттік тиражының арқасында ол әнші үшін АҚШ-тағы №1 орынға иеленген екінші диск болды. АҚШ тарихындағы әйел әншілер шығарған ең жылдам сатылған 3-ші альбом болды. Ұлыбританияда альбом Top 40 Albums-та №6 дебют жасады. Канадада альбом № 1 Canadian Albums Chart-та дебют жасады. Үлкен дебюттан кейін альбом АҚШ-та екінші аптаға 320,000 тиражбен №1 орынды ұстады. Оның 3-ші аптасында ол екінші орынға (212,000 дана) ауысты.

Алайда, 8-ші аптада альбом қайтадан № 1-ға оралды (259,000).

Ресми мәліметтер бойынша, Тейлор Свифт «Back to December» әнін өзінің бұрынғы бойфрендтерінің бірі — «Ымырт» фильміндегі Джейкоб Блэк рөлімен танымал актер Тэйлор Лотнерге арнады.

«Mean» синглы ең жақсы кантри әні ретінде ең жақсы жеке кантри әні және ең жақсы кантри әні номинацияларында Grammy сыйлығын жеңіп алды. Альбом 2011 жылы Billboard Music Awards жүлдесін Top Country Album номинациясында жеңіп алды.

«Speak Now» Тейлор Свифт үшін бірден Top-10-ға енген 6-шы сингл болды, бұл оны осы көрсеткіш бойынша алғашқы орындаушы етті.

Тейлор Свифт 2011 жылы және 2012 жылдың басында Speak Now альбомын әлемдік турмен қолдады. Он үш айдың ішінде әлемдік турдың 111 күні Тейлор Азияда жеті концерт, Еуропада он екі концерт, Солтүстік Америкада 80 концерт және Австралияда он екі концерт қойды. Speak Now World Tour турына 1,6 миллионнан астам жанкүйерлер қатысып, 123 миллион доллардан астам қаражат жинады, бұл индустрия тарихындағы ең үлкен гастрольдердің бірі болды.

Альбомдағы барлық әндерді Тейлор өзі жазды.

Альбом музыкалық сын мен интернет-басылымдардан оң пікірлер алды.

Марапаттар мен номинациялар

[өңдеу | дереккөзін өңдеу]
ЖылҰйымМарапатНәтиже
2010Guinness World RecordsFastest Selling Digital Album by a Female ArtistЖеңіс
2011Academy of Country Music Awards Мұрағатталған 31 қаңтардың 2021 жылы.Жылдың ең үздік альбомыНоминация
2011American Country AwardsЖылдың ең үздік альбомыНоминация
2011American Music AwardsҮздік кантри альбомЖеңіс
2011Billboard AwardsҮздік кантри альбомЖеңіс
2011Billboard AwardsBillboard 200 үздік альбомыНоминация
2011Canadian Country Music AssociationСатылымы ең жоғары альбомЖеңіс
2011Country Music Association AwardsЖылдың ең үздік альбомНоминация
2011Juno AwardЖылдың халықаралық албомыНоминация
2012Grammy AwardsЕң үздік кантри альбомНоминация

Әндер тізімі

[өңдеу | дереккөзін өңдеу]
Ән атауыҰзақтығы
1Mine3:50
2Sparks Fly4:20
3Back to December4:53
4Speak Now4:00
5Dear John6:43
6Mean3:57
7The Story of Us4:25
8Never Grow Up4:50
9Enchanted5:53
10Better Than Revenge3:37
11Innocent5:02
12Haunted4:02
13Last Kiss6:07
14Long Live5:17