Van Halen
| Van Halen | |
| Van Halen тобы 2015 жылғы концерт кезінде. Солдан оңға қарай: Вольфганг Ван Хален, Алекс Ван Хален, Дэвид Ли Рот және Эдди Ван Хален. | |
| Негізгі ақпарат | |
|---|---|
| Жанры | |
| Белсенділік жылдары |
1974—2020[8] |
| Мемлекет | |
| Қайдан | |
| Лейблі | |
| Бұрынғы қатысушылары |
Алекс Ван Хален |
| Басқа да жобалары |
Chickenfoot, The Circle, Planet Us |
| van-halen.com | |
Van Halen («Ван Хален», ХФӘ: [væn'heɪlən]) — америкалық хард-рок тобы.
1972 жылы Калифорния штатының Пасадена қаласында ағайынды Эдвард пен Алекс Ван Хален «Mammoth» атауымен рок-тобын құрды. 1973 жылы оған вокалист Дэвид Ли Рот, ал 1974 жылы басист Майкл Энтони қосылды. Дәл сол 1974 жылы ұжым топтың атауын үйреншікті Van Halen деп өзгертті.[9]
Топ тез арада танымалдылыққа ие болды және 1970 жылдардың аяғы мен 1980 жылдардың басында рок-музыка әлеміндегі ең табысты топтардың біріне айналды. Топ америкалық хит-парадтардың шыңына шыққан 4 альбом шығарды.
Ең сәтті альбомы — 1984. Басты сингл «Jump» халықаралық хитке айналып, америкалық Billboard Hot 100 хит-парадының шыңына жетті. Альбом АҚШ-та 12 миллионнан астам данамен сатылды. Америкалық дыбыс жазу компанияларының қауымдастығының (RIAA) мәліметі бойынша, Van Halen — Штаттарда 56 миллионнан астам альбом сатып, АҚШ тарихындағы ең көп сатылған 19-орындаушы болды.[10]
Топ сонымен қатар әлем бойынша 80 миллион дана таспасы сатылған, тарихтағы ең өтімді музыкалық ұжымдардың бірі болып саналады.[11][12]
2007 жылы Van Halen Рок-н-ролл даңқ залына енгізілді.[13]
VH1 арнасы топты барлық уақыттағы ең үздік 100 хард-рок орындаушыларының тізімінде 7-орынға қойды.
Топтың тарихы
[өңдеу | дереккөзін өңдеу]Нидерландтан келген ағайынды Эдвард пен Алекс музыкалық отбасында өсті. Олардың анасы Эуджениа — Ява аралының (Индонезия) тумасы, ал әкесі Ян Ван Хален (Jan Van Halen) — Амстердамның тумасы, кәсіби саксофонист-музыкант. 1962 жылы Ван Хален отбасы АҚШ-тың Пасадена қаласына (Калифорния) қоныс аударды.
Балалар жас кезінен бастап, отбасындағы басқа мүшелер сияқты фортепиано класы бойынша музыкалық білім алды. Заманауи музыканы ойнау үшін басқа аспаптарды меңгеру барысында Алекс гитараны, ал Эдди екпінді аспаптарды (барабанды) үйрене бастады. Бір күні ағайындылар аспаптарын өзара алмастырды. Нәтижесінде Эдди виртуоз электрогитарист және гитара конструкторы ретінде, ал Алекс рок-барабаншы ретінде танымал болды.
1972 жылы ағайындылар «Mammoth» («Мамонт») атты өз рок-тобын құрды: Эдвард — гитара және жетекші вокал, Алекс — барабан, Марк Стоун (Mark Stone) — бас-гитара. Ол кезде жігіттердің жеке дыбыс күшейткіш аппаратурасы болмағандықтан, концерттер үшін олар микшерлік пультты, күшейткіштер мен колонкаларды жалға алуға әр кеш сайын 50 доллардан төлеуге мәжбүр болды. Аппаратура иесі жергілікті «The Red Ball Jets» тобының музыканттарының бірі еді. Эдди оны топқа негізгі вокалист ретінде шақыруды ұйғарды: біріншіден, бұл жалдау ақысын үнемдеуге көмектессе, екіншіден, оның өзі ән айтуды мүлдем жек көретін. Осылайша, 1973 жылы вокалист Дэвид Ли Рот топтың төртінші мүшесі атанды. Дэвидтің отбасы — ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан дәрігерлер: Дэвидтің екінші буындағы ата-бабалары, еврей ұлтынан шыққан дәрігерлер, Ресейден Индианаға қоныс аударған. Кейінірек, 1974 жылы топта тағы бір өзгеріс орын алып, Марк Стоунның орнына жаңа басист Майкл Энтони келді. Майклдың ата-анасы АҚШ-қа Польшадан қоныс аударған болатын.
Уақыт өте келе «Mammoth» деп аталатын ұжымның бұрыннан бар екені белгілі болып, топ өз атауын «Van Halen» деп өзгертті.
Кіss тобының музыканты Джин Симмонс продюсерлік еткен және құрамында «House Of Pain» пен «Runnin' with the Devil» әндері бар Zero деп аталатын топтың алғашқы демо жазусы толығымен сәтсіздікке ұшырады. Бір жылдан кейін, 1977 жылы музыканттарды өз қамқорлығына алған Warner Bros. компаниясының продюсері Тед Темплерман топпен жұмыс істей бастады.
Van Halen концерттік қойылымдар кезінде көрермендер мен топ мүшелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін сахнаның беріктігіне ерекше талаптар қойды. Ұйымдастырушылардың келісімшартты мұқият оқып шыққанын тексеру мақсатында топ өз райдерінің ортасына қоңыр түсті кәмпиттері алынып тасталған M&M's дражесін ұсыну туралы талапты қосып қоятын. Егер киім ауыстыратын бөлмеде бұл кәмпиттер мүлдем болмаса немесе олардың арасынан қоңыр түстілері табылып қалса, топ менеджері ұйымдастырушылардың талаптарға қаншалықты мұқият қарағанын бірден түсініп, сахнаның келісімшарт шарттарына сәйкестігін тексеруге кірісетін.[14][15][16]
Құрамы
[өңдеу | дереккөзін өңдеу]Соңғы құрам
- Эдди Ван Хален — гитара (1972—2020; оның өлімі), бэк-вокал (1974—2020; оның өлімі), пернетақта (1979—1997); жетекші вокал (1972—1974, 1997)
- Алекс Ван Хален — соқпалы аспаптар, перкуссия (1972—2020); кейде бэк-вокал (1982—1983, 1990—1991)
- Дэвид Ли Рот — жетекші вокал, кейде акустикалық гитара және синтезатор (1974—1985, 1996, 2007—2020)
- Вольфганг Ван Хален — бас-гитара, бэк-вокал (2006—2020)
Бұрынғы қатысушылар
- Марк Стоун — бас-гитара, бэк-вокал (1972—1974; 2020 жылы қайтыс болды)
- Майкл Энтони — бас-гитара, бэк-вокал (1974—2006); кейде синтезатор (1980—1998)
- Сэмми Хагар — жетекші вокал, гитара (1985—1996, 2003—2005)
- Гари Чероне — жетекші вокал (1996—1999)
Уақыт шкаласы
[өңдеу | дереккөзін өңдеу]
Дискография
[өңдеу | дереккөзін өңдеу]
Студиялық альбомдар
- Van Halen (1978)
- Van Halen II (1979)
- Women and Children First (1980)
- Fair Warning (1981)
- Diver Down (1982)
- 1984 (1984)
- 5150 (1986)
- OU812 (1988)
- For Unlawful Carnal Knowledge (1991)
- Balance (1995)
- Van Halen III (1998)
- A Different Kind of Truth (2012)
Концерттік турлар
[өңдеу | дереккөзін өңдеу]| Ұзақтығы | Тур | Құрамы | Концерттер | |||
|---|---|---|---|---|---|---|
| Вокал | Бас-гитара | Гитара | Соқпалы аспаптар | |||
| Наурыз — Желтоқсан 1978 | Van Halen World Tour | Дэвид Ли Рот | Майкл Энтони | Эдди Ван Хален | Алекс Ван Хален | 180 |
| Наурыз—Қазан 1979 | World Vacation Tour | 110 | ||||
| Наурыз—Қараша 1980 | World Invasion Tour | 130 | ||||
| Мамыр—Қазан 1981 | Fair Warning Tour | 86 | ||||
| Шілде 1982—Мамыр 1983 | Hide Your Sheep Tour | 98 | ||||
| Қаңтар—Қыркүйек 1984 | 1984 Tour | 106 | ||||
| Наурыз—Қараша 1986 | 5150 Tour | Сэмми Хагар | 112 | |||
| Қыркүйек 1988— Ақпан 1989 |
OU812 Tour | 46 | ||||
| Тамыз 1991— Мамыр 1992 |
For Unlawful Carnal Knowledge Tour | 99 | ||||
| Сәуір—Тамыз 1993 | Right Here Right Now Tour | 60 | ||||
| Наурыз—Қараша 1995 | Balance Tour | 134 | ||||
| Наурыз—Қараша 1998 | III Tour | Гари Чероне | 85 | |||
| Маусым—Қараша 2004 | Summer Tour | Сэмми Хагар | 80 | |||
| Қыркүйек 2007— Шілде 2008 |
North American Tour | Дэвид Ли Рот | Вольфганг Ван Хален | 83 | ||
| Қаңтар 2012— Шілде 2013 |
A Different Kind of Truth Tour | 60 | ||||
| Шілде—Қазан 2015 | North American Tour | 44 | ||||
Дереккөздер
[өңдеу | дереккөзін өңдеу]- 1 2 Stephen Thomas Erlewine Van Halen – Artist Biography (ағыл.). AllMusic. All Media Network. Басты дереккөзінен мұрағатталған 14 желтоқсан 2016. Тексерілді, 16 тамыз 2014.
- ↑ Edmondson 2013.
- ↑ Justin Harp Sammy Hagar: 'Eddie doomed Van Halen reunion' (ағыл.). Digital Spy. Hearst Magazines UK. (8 сәуір 2011). Басты дереккөзінен мұрағатталған 16 қазан 2015. Тексерілді, 16 тамыз 2014.
- ↑ Jann Wenner Van Halen – Biography (ағыл.). Rolling Stone. Басты дереккөзінен мұрағатталған 5 мамыр 2009. Тексерілді, 5 мамыр 2009.
- ↑ Weinstein 2015.
- ↑ Moore 2010.
- ↑ Spera, Keith Eddie Van Halen was a once-in-a-lifetime rock guitarist who made the impossible look easy. Nola. (6 қазан 2020). Басты дереккөзінен мұрағатталған 14 қараша 2021. Тексерілді, 21 маусым 2021.
- ↑ Van Halen Considered Reunion Tour With Both David Lee Roth and Sammy Hagar. Rolling Stone. (16 қараша 2020). Басты дереккөзінен мұрағатталған 16 қараша 2020. Тексерілді, 16 қараша 2020.
- ↑ How Van Halen Rocked The Business World (ағыл.). HuffPost. (19 сәуір 2017).
- ↑ Van Halen Band Career Statistics (ағыл.). (17 наурыз 2015).
- ↑ Victor Gonzalez Van Halen at BankAtlantic Center April 10 (ағыл.). Miami New Times. (5 сәуір 2012).
- ↑ Stacey Anderson Van Halen to Release First Concert Album With David Lee Roth (ағыл.). Billboard. (7 ақпан 2015).
- ↑ Van Halen (ағыл.). rockhall.com.
- ↑ Jim Cofer RIGHTING THE WRONGS: Van Halen and M&Ms (ағыл.). (27 ақпан 2008).
- ↑ David Mikkelson Van Halen Contract Required No Brown M&Ms? (ағыл.).
- ↑ Левитт, Дабнер 2015.
Әдебиет
[өңдеу | дереккөзін өңдеу]- Ян Кристи Everybody Wants Some: The Van Halen Saga — Hoboken, New Jersey: John Wiley & Sons, 2007. — ISBN 978-0-470-53618-6.
- Edmondson, Jacqueline Music in American Life: An Encyclopedia of the Songs, Styles, Stars, and Stories that Shaped our Culture — ABC-CLIO, 2013. — Б. 161. — ISBN 978-0-313-39347-1.
- Дина Вейнстейн Rock'n America: A Social and Cultural History — University of Toronto Press, 2015. — Б. 223—226, 244. — ISBN 978-1-4426-0015-7.
- Moore, Ryan Sells Like Teen Spirit: Music, Youth Culture, and Social Crisis — New York University Press, 2010. — Б. 105. — ISBN 978-0-8147-5747-5.
- Стивен Левитт, Стивен Дабнер Фриктік ойлау: Мәселелерді шешудің стандартты емес тәсілдері = Think Like a Freak — М.: Альпина Паблишер, 2015. — 199 б. — ISBN 978-5-9614-4917-4.
Сыртқы сілтемелер
[өңдеу | дереккөзін өңдеу]- van-halen.com Van Halen — ресми сайты
- GREG PRATO Wolfgang Van Halen Discusses Mammoth, Stadium Tours, Songwriting Over Shredding (ағыл.). AllMusic. (26 шілде 2023).
- Harv and Sfn no-target errors
- Алфавит бойынша музыкалық топтар
- Van Halen
- Калифорнияның хард-рок топтары
- Калифорнияның музыкалық ұжымдары
- Рок-н-ролл даңқ залына енген орындаушылар
- 1972 жылы құрылған музыкалық ұжымдар
- MTV Video Music Awards жеңімпаздары
- Грэмми сыйлығының иегерлері
- Музыкалық квартеттер
- Отбасылық музыкалық топтар
- АҚШ глэм-метал топтары
- Калифорнияның хеви-метал топтары
- 2020 жылы тараған музыкалық топтар
- Дэвид Ли Рот